"Рәміздерім - мақтанышым!"
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай, "Рәміздерім - мақтанышым!" атты салтанатты шеру өтті. Шараның шымылдығы әдеттегідей еліміздің әнұрнанымен ашылды. Мерекені мектеп директоры А. Игенбекова жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Іс- шара барысында баяндаманы тарих пәнінің мұғалімі Е. Бексұлтан оқып, бүлдіршіндеріміздің жыр шумақтары тыңдалды.