"30 жылдыққа 30 мың ағаш"
Һарун Рашид бір қарт адамның кішкене жеміс ағашының көшетін отырғызып жатқанын көріп: «Уа, қария, сен енді қартайдың. Отырғызып жатқан ағашыңның жемісін көре де алмасың белгілі, олай болса неге бейнеттеніп жатырсың?», - дейді. Сонда қария: «Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де ағаш отырғызайық, ал жемісін бізден кейінгілер жесін», - деп жауап беріпті. Бұл жауап Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді. Қарт: «Көрдің бе, балам. Отырғызып жатқан көшеттің