Тәуелсіздік » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
июнь
2022

Тәуелсіздік

Ел Тәуелсіздігі бабалардың аңсағаны, бақытты ұрпақтың қолы жеткен киелі кезеңі. Тәуелсіздік сөзі таста таңба, тамыры тереңде
жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды отыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.
Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.
Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.
Биыл бүкіл қазақ елі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде.Бұл- қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата – бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығымен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Бізде осындай жолдан өтіп келеміз.
Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік!», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық.Осы тұрғыдан алғанда,бұл арман мақсаттарымызды тоғыстырып,болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастырыр болсақ, алғашқы онжылдығында жаңа Қазақстанның іргетасы қаланды. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шет елдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды. Шығыстағы көршімізбен шекарамыз бекітілді .Ел аумағы ядролық қарудан толық тазартылды. Елордамыз Арқа төсіне көшірілді.Нарықтық экономикаға өтіп, жеке меншік институты берік орнықты.Отандық бизнестің негізі қаланды. Жастар әлемінің маңдайалды оқу орындарында білім ала бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласы атажұртына оралап, ұлы көшке жол ашылды.Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп,ұлттық рухымыз көтерілді.
Екінші онжылдық мемлекетіміздің тұғыры нығайып экономикалық әлеуметіміз арта түсті.Құрлықтағы барлық шекарамыз айқындалып заң жүзінде бекітілді. «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылып,тарихымыз түгенделді.Әлемдік Қазақстан және дәстүрлі діндер көшбасщыларының сьездері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізіп және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болды. Елімізге шетелден қомақты инвестиция тартылды. Есілдің жағасында бой көтерген еңселі елордамыз ұлттық идеямызға айналды. «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» халықаралық дәлізі сияқты ірі инфрақұрылып жобалар қолға алынды. Тұрғын- үй құрылысы да бұрын- соңды болмаған қарқынмен дамып, қазақ елінің керегесі кеңейе түсті.Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп өсіп- өркендеп, мерейлі мемлекетке айналды. Шекара мәселесін біржола шештік. «Қазақстан- 2050» стратегиясын қабылдап озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат еттік. Әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», « Нұрлы жол», « 100 нақты қадам» сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға аса мән берілді.Осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының hәм халқымыздың даналығы мен парасытының бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік.Сондықтан , Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәнгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік. Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті- қуатты елдің иесі және кемел халық болу.Тарихқа көз жүгіртсек , әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» , аталарымыз алапат ашаршылықты,қуғын- сүргінді, дүние жүзілік соғысты көрді.Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық.Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек. Қазіргі пандемия және соның салдарынан туындаған дардарыс бүкіл әлемнің бұрын болмаған жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырғаның анық көрсетті. Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса, жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылып келеді. Жаhандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Басқаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Сондықтан, жаңа заманның жақсы-жаманын ара- жігін ажыратып , артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан төл мәдениетіміз бен салт- дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жойылып кетпеудің бірден бір кепілі.
Құрметті кеш қонақтары, ұстаздар , оқушылар! Еліміздегі аталып отырған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болып, көк туымыз желбіреп,қазақ аспанында қыран құсымыз қалықтай берсін.

Похожие публикации: