26
январь
2022
Ата- аналар жиналысы
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 12.01.2022 жылы кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, қамқоршылық кеңес төрайымы, әдеп кеңесінің төрайымы және 1-11 сынып ата-аналары қатысты. Бүгінгі кезектен тыс ата-аналар жиналысы елімізде орын алып жатқан келеңсіз жағдайға байланысты өткізілді. Мектеп директоры А.Р. Игенбекова өз сөзінде, ҚР президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың елімізде болып жатқан жағдай туралы жолдаған үндеуін насихаттап, ата- аналарды сабырлыққа шақырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы күндері қабылдаған әрбір шешімдері, әрбір қадамдары ел тағдырын қорғауға және сақтауға, соның ішінде балалар мен жастардың қауіпсіздігіне бағытталған. Сондықтан да, Президентіміздің барлық бастамаларын қолдаймыз.


