Ата-аналар жиналысы » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2021

Ата-аналар жиналысы

Бауыржан Момышұлы  атындағы орта мектебінде 22 мамыр күні, сағат 10:00- де карантин талаптарын сақтай отырып,  жалпы ата-аналар жиналысы өтті. 
 Мақсаты - ата-аналарды балаларының жетістіктерімен таныстыру, жылдық жұмысты қорытындылай отырып, жазғы мектептің маңыздылығын түсіндіру.  
 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:1.“Жазғы мектетің мақсаты мен міндеттері 2. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы
3."Жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелерін сақтау.
 Жиналыс барысында мектеп директоры
 А. Игенбекова  жазғы мектептің, оқушылардың білімдерін жақсарту мақсатында жасалып отырғаны туралы түсіндірді, сонымен қатар 2020-2021 оқу жылының қортындысымен таныстырды. 
 ДҚТІЖО В. Мирзаев жаз мезгілінде оқушылардың  өмірі мен қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Ата-аналар комитеті төрайымы
 Ж. Ешенкулова жазғы мектеп туралы  өз ойын  білдіріп, мектеп ұстаздарының  оңай емес жұмыстарына СӘТТІЛІК тілеп, жылы лебізін білдірді. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналар  мектеп директорына өз сұрақтарын қойып, қойылған әр  сұрақтарына  қанағаттанарлықтай жауап алып отырды.
Жиналыс соңында мектеп директоры 
А. Игенбекова мектеп өміріне белсенді  атсалысқан  ата- аналарды мақтау қағазы мен марапаттады .