13
май
2021
Хаттама № 5
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы
Хаттама № 5
Жаңа жол ауылы 13.05.2021 ж.
Өткізілетін орны: мектеп АКТ залы
Жиын төрағасы: мектеп директоры,
Райымбеков Батырбек Махұлбайұлы
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары
Күн тәртібінде:
1. Қазан қаласының мектебінде орын алған террорлық актіні хабарлау және «Қауіпсіздік ережелері» туралы.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Игенбекова Ақсұңқар Рахметтуллаевна сөз сөйлеп,ол өз сөзінде: « 11 мамырда Татарстан Республикасы Қазан қаласының № 175 мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтатынын жеткізді. Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық. Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек-деп ата-аналарға баса айтты. Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым-деді.
Мектеп ішіндегі қауіпсіздік шаралар күшейтілді, бақылау камералары, вахтерлардың тіркеу дәптерін өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, оқушылардың қауіпсіздігін күшейту туралы мектеп ұжымын, күзетшілерді , тех персоналды хабардар ету, жасөспірімдер арасында аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықты балаларды анықтау және сүйемелдеу бойынша мектеп психологтардың жұмысын күшейту, сонымен қатар төтенше жағдайларды алдын алу шараларын жүргізу жұмыстарын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Райымбековке тапсырды.
Қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда оқушылардың сақ жүруіне, абай болуына байланысты ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізілді.
Келесі болып сөз алған, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирзаев Вагиб Байвердиевич сөз алып, жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік ережелері сақтау керектігін айтып өтті. «Қауіп тек демалыс орындарында емес, балалар алаңында, жолда немесе қоғамдық орындарда да болады. Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс.
1. Жаз мезгілі жақындаған сайын «Су қауіпсіздігін» естен шығармауымыз керек,
2. «Өрт қауіпсіздігі» алдын алып , ережелерімен таныстыру керек
3. «Жол қауіпсіздігі» бойынша жұмыстар жандандырылсын-деп өз сөзін аяқтады. Бала тәрбиесі туралы бейноролик көрсетіліп ата-аналармен ой қозғап, кері байланыс өтті.
Шешімі:
1. Қазан қаласының мектебінде орын алған террорлық актіге байланысты оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жүргізсін.
Ата-аналар жиналысының төрағасы: Райымбеков Б. М.
Хатшы: Рахимова А.П.



