№ 4 педагогикалық кеңесі » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 4 педагогикалық кеңесі
31
март
2021

№ 4 педагогикалық кеңесі




































































Бауыржан Момышұлы Атындағы О.М.  ұжымының № 4 педагогикалық  кеңесін бүгін өткіздім. Мектеп  ұжымын IV   тоқсанның оқу -тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша және Қазақстан Республикасының 
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 
қаулыларына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы 
2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысымен таныстырдым.
1. Білім алушылар білім беру ұйымдарының ғимаратына кірген және шыққан кезде:
1) медицина қызметкерлері барлық қызметкерлер мен білім алушыларға күнделікті таңертеңгі сүзгіні (жанаспайтын термометрмен термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;
2) мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланатыны;
3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кіреберіс алдында асфальтқа таңба қойылғаны;
4) мектеп ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін белгілер қойылғаны; 
5) оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер әр қабатта, әр сыныптың (аудитория, кабинет) жанында, санитариялық тораптарда және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнатылғаны;
6) оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етілгені айтылды.
2. Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес  жүргізіледі:
1) сабақ кестесі білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмысшы оқу жоспарына сәйкес жасалды;
2) оқушыларға сабақ уақытында сыныптарда маска кимеуіне рұқсат етілетіні туралы;  
3) кабинеттік жүйе болмайтыны;
5) дене шынықтыру сабақтарын жылы уақытта (атмосфералық ауа температурасы -18 °С аспайтын кезде) таза ауада ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету қамтамасыз ету керектігі туралы айтылды. 
3. Мектепте мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) әр қабатта санитариялық бекеттердің жұмысы ұйымдастырылады, мектепке келген кезде (сабақ басталғанға дейін), үзілістерде, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапта болғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында оқушылардың қолдарын уақтылы жууын (сұйық сабынды пайдаланып қолды жуу) сыныптарда (топтарда) бақылау жүзеге асырылады;
2) медициналық кабинеттер мен изоляторлар қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен (термометрлермен, шпательдермен, маскалармен) қамтамасыз етіле отырып, жұмыс істейді (күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырған адамдар анықталған жағдайда оқшаулау үшін)айтылды. 
 Оқу барысында мектеп ішіне рұқсатсыз бөгде адамдарға  кіруге тиым салынғанын ескерттім.Оқу процесі кезінде барлық санитарлық нормалар қатаң сақталыну керектігін және мектептің ішкі және сыртқы ауласына кезекшілік ұйымдастырылып, оқушының қауіпсіздігі ескерілетіні туралы айттым.
Құрметті  әріптестер, ертеңгі басталатын соңғы  IV  тоқсанның басталуымен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Жауапкершілігі мол кезеңді  бірлесе отырып атқаруға шақырамын.