«Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан ата-аналар жиналысы туралы мәлімет » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан ата-аналар жиналысы туралы мәлімет
04
апрель
2020

«Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан ата-аналар жиналысы туралы мәлімет

ҚР Білім және ғылым министрінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылдың 31-ші наурыздағы №:121 бұйрығының негізінде Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сынып ата-аналарын ақпараттандыру мақсатында ағымдағы жылдың 3-ші сәуірінде  сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптарының және 1-4 бастауыш сыныптарының,сағат 12.00 де 5-9 сыныптарының, сағат 14.00 де 10-11 сыныптарының ата-аналары үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан  ата-аналар жиналысы өткізілді.
 Ата-аналар жиналысының міндеттері:                
- әрбір мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін;
- балаларды қашықтықтан оқыту процесінде қажет болуы мүмкін әр түрлі практикалық және теориялық білім мен іскерлік дағдыларын;
- Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында қашықтан білім беру технологиялары негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарын білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Ата-аналар жиналысы барысында мектеп психологтарының  арнайы слайд арқылы дайындаған психологиялық ұсыныстары берілді.
Бірыңғай қашықтан  ата-аналар жиналыстарының форматы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) электрондық журналдар мен күнделіктер жүйелеріндегі чаттар, форумдар kundelik. kz, bilimland. darynonline.  және сондай-ақ, Whatsapp жүйелері арқылы жүргізілді.