«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
10
август
2020

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 
 
 
 ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
 
 1. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына (2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (28477) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
 
 жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында:
 
 мазмұнында:
 
 «4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру» жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
 «4.5. Қоғамда парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру»;
 
 «1. Кіріспе» деген бөлімде:
 
 бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
 
 «Елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды іске асыратын уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.»;
 
 «2. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
 
 «2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер» деген кіші бөлімде:
 
 төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
 
 «1999 жылдан бастап қолданылған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және Мемлекет басшысы 2005 жылы бекіткен Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі Қазақстанда есеп берушілік, ашықтық және меритократия қағидаттарында құрылған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға негізі болды.