Қазақ тілі онкүндігі » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
12
November
2018

Қазақ тілі онкүндігі

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндігінде атқарлған жұмысының мәтіндік есебі. 2018-2019 оқу жылы


Қазан айының 8-19 күні аралығында мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндіктің ашылуына байланысты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райымбеков Б.М. оқушылар мен мұғалімдерді апталықтың ашылуымен құттықтап, алдағы атқарылатын іс- шараларға шығармашылық табыстар тіледі. Жиынға қатысушылар қазақ, орыс сыныптарының оқушыларымен дайындалған шағын әдеби- сазды бағдарламаны тамашалады.
Жаңа оқу жылындағы бұл онкүндік ашық сабақтар, интеллектуалдық ойындар , сайыс сабақтар мен мәнерлеп оқу байқаулары қамтылды. Сонымен қатар мектеп фойесінде «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жылдығына» арналған қабырға газеті шығарылды.Оқушылардың қызығушылығын тудыру мақсатында қызықты грамматикалық ойындар ұсынылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінде мұғалімдер сыныптан тыс сағаттарын мынандай тақырыптарында өткізді. Қосалиева Қ.Б. жоғары сынып оқушылары арасында С.Торайғыровтың туғанына 125 жыл «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған» оқушылар арасында жарыс өткізілді. Жақсыбаева К.Ш. «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты интеллектуалдық ойынындар өткізді. Рахимова А.П «Ана тілі-білімнің кілті» сайыс сабақ өткізді. Кунтуарова Э.М. «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тәрбие сағаты, Аубакирова Ж.Б «Мәнгілік ел- мәртебелі тіл» әдеби- сазды кеш, Дүйсенбек Б.Б. «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалдық ойын,
Бекетаева Г.М. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жарысы болды. Сонымен қатар оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында барлық сыныптарда ашық сабақтар өткізілді. Мысалы: Қосалиева Қ.Б. 9 «А» сыныбында «Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі» тақырыбындағы танымдық-саяхат сабағын, Бекетаева Г. 5 «Б» сыныбында «Қызыл кітап», Рахимова А.П. 4 «В» сыныбында «Менің отбасым», Кунтуарова Э.М. 6 «Б» сыныбында «Таулар», Жақсыбаева К.Ш. 5 «В» сыныбында «Қасқыр мен тиын», Дүйсенбек Б.Б 5 «А» сыныбында «Тұсау кесу» деген тақырыптарында ашық сабақтар өтізілді.
Онкүндіктің қорытынды кеші 19 қазан күні «Мәнгілік ел- мәртебелі тіл» тақырыбында әдеби- сазды кеш өтіп, соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды
Қазақ тілі онкүндігі
Қазақ тілі онкүндігі
Қазақ тілі онкүндігі
Қазақ тілі онкүндігі