"Тәуелсіздік – тұғырым" » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » "Тәуелсіздік – тұғырым"
12
January
2017

"Тәуелсіздік – тұғырым"





Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекетаева Гүлнұр Маратқызы
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тұғырым
Сабақтың мақсаты:
- Schoolchildren қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
- Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекіліктері: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, буклеттер, желтоқсан құрбандарының портреттері.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!
Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талMay, шарықтай берсін демекпіз.
Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар - намысын, ата - баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Иә, 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы»тарихта мәңгі қалмақ.
Ортада оқушылардың Тәуелсіздік жайлы өлең жолдары
Магамед. Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.

Азиз. Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні бұл.
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні - бұл.
Седа. Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
Эльнара.Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
Имниса. Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы, келе берер!
Адиль. Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек берейік. Олай болса,
«Тәуелсіздік жарығы»атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық.(Тынығып жатқан немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін.
Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!
Мұғалім : Балалар бүгінгі тәрбиелік шарамыздан не түйдік?
Тәуелсіздікпен егіз ұғым деп нені айтамыз?
Біз қандай мемлекетпіз?
Биыл неше жылдық мерекемізді тойлаймыз? (оқушылар жауабы) Қорытындылау: Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың алғыc. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін.