Мақала "Азаттықтың Ақ таңы!" » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Мақала "Азаттықтың Ақ таңы!"
12
January
2017

Мақала "Азаттықтың Ақ таңы!"

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп
математика пәнінің мұғалімі Сағынбекова Айгул Жұмаханқызы




Азаттықтың Ақ таңы!
1991жылы 16 желтоқсан- қазақ халқы үшін тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл айтулы дата мемлекетіміз үшін үлкен мерейтой. Биыл міне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты, әрі құнды мереке. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жемісі, 25 жылда жеткен жетістіктеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыста аянбай күрескен азапкерлер мен қаһармандар ойға оралатыны сөзсіз. 
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші October» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 
Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн. 
Жанына тапай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін, 
Жаншыды-ау жанын батпан күш. 
Енді қайтіп келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн! 
Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Тәуелсіз Қазақстан ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.  Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 
Тұрағым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ, сүйе алMayмын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз. Барлығымыз тәуелсіз заманның, егеменді елдің бақытты қожасы болдық. Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күн дегім келеді.
Елбасы жолдауындағы «Еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында», деген сөзі біз секілді ұстаздар мерейін көтере түскені сөзсіз. Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары ел болашағының жарқын болуы үшін аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан да білім беру жүйесінің қызметкерлеріне көптеген қолдау көрсетіліп жатыр.
16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн,
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.
Біздің ең басты құндылығымыз-Тәуелсіздік! Сондықтан да, бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білейік.