ЕНТ тапсыруға ниет білдірген оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өтті. » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » ЕНТ тапсыруға ниет білдірген оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өтті.
24
октябрь
2023

ЕНТ тапсыруға ниет білдірген оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өтті.

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде  қазанның 19 күні  ЕНТ  тапсыруға ниет білдірген   оқушылардың ата-аналарымен  жиналыс өтті.
 2023-2024 оқу жылында ЕНТ тапсыратын мектеп бітіруші түлектер саны 23 оқушы. Жиналысқа 15  түлектің ата-аналары қатысты.  Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:
1.  Aта-аналарды ЕНТ тапсыру ережесімен таныстыру
2. «ЕНТ ге дайындық барысында   баланың  өміріндегі ата- ана рөлі» психологиялық көмек көрсету
.Күн  тәртібіндегі   мәселе  бойынша   мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Э.Сагимбекова  сөз  алды,2024 жылы ЕНТ қалай өтеді? –деген сұрақтан бастады. Родителям тестілеу форматы өзгермегендігі , ескіше 120 сұрақ, 140 балл,  3 міндетті және 2 таңдау пәндері бойынша, таңдаған бағыт бойынша тапсыратындықтарын айтты.
2024 жылғы ЕНТ-да тест сұрақтарының саны өзгереді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады. 
Алайда "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың қисынды жалғасы", – деп  айтып өтті.
ЕНТ тапсырмалар саны мен жоғары балл өзгеріссіз қалды. Жалпы 120 сұрақ, 140 балл:
Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма;
Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма;
екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма.
Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты тестілеу уақыты қысқарады. Енді ЕНТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілген. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын  ескертті.
Шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлер "Қазақстан тарихы" мен "Оқу сауаттылығы" пәндерімен қатар "Математикалық сауаттылықты" міндетті пән ретінде тапсырады. "Математикалық сауаттылықтан" тест тапсырмалары өмірде математикалық логика бойынша алған білімдерін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағытталған. Сондықтан бұл пән барлық талапкерге міндетті", – деп атап көрсетті.
Осы мәселенің төңірегінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Дюсембаева  ЕНТ  тапсыруға ниет білдірген оқушылардың тізімі алынып, олармен онлайн байқау сынықтары өткізілгенін айтып өтті.  Байқау сынақ қорытындысы талданып,  пән мұғалімдері қатемен жұмыс жүргізіп, әр пән бойынша қорытындыланып отырғанын атап көрсетті.
2024 жылы талапкерлер биылғыдай ЕНТ-ны бес рет тапсыра алады. Оның екеуі грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік берсе, қалған үшеуі ақылы оқуға түсуге мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге мектеп психологы Базарбекова У.Ж. ата-аналармен оқушыларға психологиялық кеңестер беріп, тренинг жүргізді.  Родителям :балаларының тестілеуде балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз және де балаңызды сынақтан кейін сөкпеңіз, сынамаңыз. Балаңыздың алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз. Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Әрдайым балаңызды қолдап отырыңыз.Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс. 
      Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. 
Балаңызға материалдың жаттанды мәнін түсінбесе  балаңыз қиналса, көмектесіңіз. Тестілеу  болар алдында балаңыз жақсылап тынығып, ұйқысы қанғаны жөн. 
Балаңызға кеңес  беру уақытында мыналарға назар аударуына кеңес беріңіз: 
Сұрақты бар зейінін қоя оқып, оның мәнін түсінсін, себебі көп жағдайда балалар тестінің бірінші сөзін ғана оқып, сөйлемді соңына дейін қарамай, жауапты таңдай салады; Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе күмәнданса, оны белгілеп қойып, кейін, барлық тапсырмаларды орындағанан кейін сол сұраққа оралып, қайтадан жауап болады;  Егер берілген уақытта сұрақтарға жауап бере алмай жатсаң, ең мүмкін деген жауапты таңдап не интуициясына жүгіну  қажет. 
Есіңізде болсын: ең бастысы — бұл балыңыздың қажуы мен алаңдатуын түсіру және дайындалуға  жақсы жағдай жасау-керектігін айтып өз сөзін аяқтады. 
Жиналыстың шешімі төмендегімей болды:
1.ЕНТ ге дайындық  жұмыстры жалғасын тапсын. Онлайн байқау сынақтары жүргізілсін.
2 Мектеп психологы У.Ж.Базарбекованың психологиялық кеңес беруі жүзеге асырылсын.