21
апрель
2023
"ЕНТ - ге және қорытынды аттестаттауға дайындық және ЕНТ қорытындысы" тақырыбында жиналыс
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың 12 сәуір күні 11 сынып ата - аналарымен "ЕНТ - ге және қорытынды аттестаттауға дайындық және ЕНТ қорытындысы" тақырыбында жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. ЕНТ (наурыз) қорытындысы.
ДОІЖО Дюсембаева С. С.
2. Қорытынды аттестаттау ережесімен таныстыру.
ДОІЖО Дюсембаева С. С.
3. Әр түрлі мәселелер Ең алғашқы сөзді мектеп директоры А. Игенбекова алып, мектепте оқушылардың ЕНТ-ге дайындық барысы туралы айтып өтті. Алдағы ЕНТ - ге, қорытынды аттестаттауға дайындықты күшейту, сонымен қатар жекелей және психологиялық тұрғыда да олармен әңгіме жүргізу керектігі туралы ата аналарға кеңес берді. Келесі мәселелер бойынша ДОІЖО Э. Сагимбекова ата - аналарды жалпы оқушылардың дайындығы мен наурыз айында өткен тестілеу қорытындысымен, қорытынды аттестаттау ережесімен таныстырды. Сынып жетекші мен пән мұғалімдері де өз тараптарынан осы мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді.