Ата-аналар жиналысы » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
22
май
2021

Ата-аналар жиналысы

📝2021 жылдың 22 мамыр күні Бауыржан Момышұлы Атындағы О.М.   ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс  офлайн форматында, барлық санитарлықталаптарды қатаң сақтап  өткізілді.
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының мақсаты:              ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы, «Жазғы мектеп» бойынша хабардар ету және ата-ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей-тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру болатын.
🔰Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
📌Оқу жылының қорытындысы, 9 және 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, шомылу маусымына дайындық және жаз мезгіліндегі балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру, балалардың қауіпсіздігі мәселелері қаралды. 
🔹Сондай-ақ, ата-аналарға “Жазғы мектеп” жұмысы туралы түсіндірме жүргізілді. 
🔔Биылғы жылы соңғы қоңырау дәстүрлі түрде 25 мамырда соғылатыны туралы. 
✅26 мамырдан 19 маусым аралығында “Жазғы мектеп” ұйымдастырылатын болады. Онда оқу үлгерімі төмендеген оқушылар білімдерін жетілдіре алады. “Жазғы мектепке” оқушылар өз еркімен және ата-анасының өтініш беруі арқылы бара алады. Ата-аналар пән мұғалімдерінен кеңестер алды. Сонымен қатар мектеп өміріне өз үлесін қосып жүрген, бірқатар ата-аналарға алғыс хат берілді.