02
март
2020
Отбасым мақтанышым
2.03.2020 ж Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде педагог - ұйымдастырушы Г. Туменбаеваның ұйымдастыруымен "Отбасым - менің мақтанышым!" тақырыбында өнер сайысы өтті. Сайыс 5 кезеңнен өтті. Сайыс мақсаты: бала тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен беретіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарды балалардың бойына дарыту. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым- қатынасты қалыптастыру. Жеңіске жеткен отбасылар мақтау қағазына марапатталды, бағалы сыйлықтарға ие болды.