06
февраль
2020
Жас маман сайысы
Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде, жас мамандар арасында «Жаңартылған білім беруші-Жас маман» тақырыбында сайыс өтті. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жас мамандар өздерін таныстырып өтті. Екінші «Шебер ұстаз-дарынды оқушы» кезеңінде қатысушы өз мамандығы туралы және дарынды оқушымен атқарылатын не болмаса атқарылып жатқан жұмыстарын жоғары деңгейде көрсетеді. Үшінші кезеңде панорамалық сабақты баяндап берді. Төртінші кезең ситуациялық сұрақтардан тұрды. Бұл кезеңде жас мамандар кез-келген жағдайдан сүрінбей өтетіндерін дәлелдеп жеткізді. Нәтижесінде: бас жүлдені дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және шәкірттері көптеген аудандық, облыстық, республикалық орындардың иегері Қырықбаев Мұхит Санатұлы иеленді. Бірінші орынды еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Қойтариев Бақытхан Сейсенбайұлы иеленді. Екінші орынды аңылшын тілі пәнінің мұғалімі Касымова Райля және үшінші орынды логопед Бақтыбекқызы Дания марапатталды.