"Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры" атты ашық тәрбие сағаты
25.11.2021 ж. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры" атты ашық тәрбие сағатын 5 "А" сыныбында Мақпал Алыбай өткізді. Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. Міндеті: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық