"Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры" атты ашық тәрбие сағаты » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры" атты ашық тәрбие сағаты
25
ноябрь
2021

"Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры" атты ашық тәрбие сағаты

25.11.2021 ж. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде ҚР  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры" атты ашық тәрбие сағатын  5 "А"  сыныбында Мақпал Алыбай өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.
Міндеті: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру. Тәуелсіздік, мәңгілік ел туралы түсінік беру.
Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Сынып жетекшісі: Алыбай М. Б.