Хабарландыру! » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
август
2023

Хабарландыру!

Жамбыл облысы білім басқармасының Шу ауданы білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымдарға орналасуға конкурсжариялайды.
 1.Лауазымы:ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ - 1 БІРЛІК (1 жүктеме)
 2. Лауазымы: ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМІ – 1 бірлік (16 сағат)
 3. Лауазымы: ЛОГОПЕД-МҰҒАЛІМ - 1 бірлік (1 жүктеме)
 Лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымы басшысының (директорының) (негізгі орта, жалпы орта) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымы қызметінің ағымдағы жоспарлануын ұйымдастырады; оқу-тәрбие процесінің жай-күйін, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді талдайды; педагогтердің мемлекеттік стандартты, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөніндегі жұмысын үйлестіреді, ал сондай-ақ құжаттаманы әзірлеу; педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді; білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді; қашықтықтан оқыту үдерісін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді; пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындылары бойынша білім сапасын талдайды. пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді; білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды; білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді; білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді; педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды; тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру ( растау) бойынша жұмысты ұйымдастырады; оқу зертханалары мен кабинеттерін жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады; жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім енгізеді; оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; белгіленген есепті құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді және кері байланыс ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды; оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді; педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасындағы адалдық.
Біліктілікке қойылатын талаптар:тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жылды растайтын құжат  немесе "үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "басшының орынбасары" біліктілік санатының болуы "білім беру ұйымдарының" бірінші біліктілік санатының болуы, не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебердің"болуы.
Мұғалім  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
*білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
*білім алушыны педагогке құрметпен қарауды тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша  немесе «мұғалім"деп сыпайы сөйлесу   арқылы іскерлік қарым-қатынас стилін және сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
*білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
* пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлімге жиынтық бағалау және тоқсанға жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
*бөлім бойынша жиынтық бағалауға және тоқсан бойынша жиынтық бағалауға  жүргізген қорытындылары бойынша талдау жүргізеді;
*журналдарды толтырады (қағаз немесе электронды);
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен нәтиже алмайтындай тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
*оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді;
*білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді;                      
*инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
*ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттілігін ескере отырып оқу бағдарламаларын бейімдейді;
*арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
*интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып сабақты қашықтықтан оқуды ұйымдастырады;
*әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады;
*ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;      
*ата-аналарға кеңес береді;          
*кәсіби құзыреттілікті арттырады;          
*еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен   қорғау ережелерін сақтайды;
*білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;      
*ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;        
*тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;              
*білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті,     
академиялық       адалдық қағидаттарын қалыптастырады
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білуі керек:
     Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері; педагогикалық этика нормалары; Менеджмент, Қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитарлық қағидалар мен нормалар.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер мыналарды ұсынуы керек:
1) осы қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
 Конкурс мына мекенжай бойынша өткізіледі: 
Шу ауданы, Жаңа жол ауылы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің акт залында өтеді.Уақыты: 17.08.2023ж. сағат: 10.00
Тел: 87476816001