Білімді ұрпақ – білімді ел! » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білімді ұрпақ – білімді ел!
31
май
2023

Білімді ұрпақ – білімді ел!

Білімді  ұрпақ – білімді ел
     

Білімді  ұрпақ – білімді ел

        Ұлы  ақын,қазақ әдеби  тілінің   негізін  қалаушы,философ, аудармашы Абай Құнанбаев он сегізінші қара сөзінде: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де – ақымақшылық...» – деген терең ой қалдырды. Әрине, «оқу инемен құдық қазғандай», дегенмен, еліміздің жастарын білім алуға, ғылым жолына қадам жасауға «Қолжетімді интернет» жобасы іске асырылуда.

17 мамыр Астанада «Қазақстан халқына» Қоғамдық  Қоры ұйымдастырған «Білімді  ұрпақ – білімді  ел» білім   беру  конференциясы  өтті. Іс – шараға  ҚР   Премьер – министрінің   орынбасары  Алтай  Көлгінов, Оқу – ағарту министрі  Ғани   Бейсембаев, Ғылым  және  жоғары   білім   министрі  Саясат   Нұрбек, ҚР  Парламент депутаттары, Ы. Алтынсарин  атындағы  ҰБА   президенті  Мадина  Тыныбаева қатысты. Сонымен  қатар тірек және  арнайы   мектептердің  директорлары  мен «Арман   И нжиниринг» компаниясының   қолдауымен  робототехника  кабинеттерін   ашқан  мектеп  директорлары,ЖОО ректорлары, серіктестер, жетекші  сарапшылар,Қордың  Қамқоршылық   кеңесі  мен  Сараптама   комитетінің  мүшелері қатысты. Конференция  аясында   қазақстандық  білім  беру   сапасы, ауыл  мектептерінің  әлеуетін   дамыту, инклюзивті  білім  беру, педагагтерді аттестаттау, білім  берудегі   цифрландыру және тағы да басқа   өзекті мәселелер қаралды.



Ы.Алтынсарин  атындағы   ҰБА  президенті  Мадина   Тыныбаева  конференцияға  қатысушыларды   ауылдық  және  шағын   жинақты  мектептерді  қолдау   мен  дамытуға, цифрлық  білім   беру  ортаны құруға  бағытталған   жобаларды  іске  асыру   жөніндегі  Академияның  қызметі туралы  хабардар   етті 

Білімге жаны құмар еліміздің жастары үшін жеткілікті деңгейде білім алуға мүмкіндік мол. Қазақстанда мектеп жасындағы балаларға негізгі мектеп курсынан бастап өз білімін жетілдіруге мектеп – лицейлері мен гимназиялар жұмыс істесе, мектепті тәмәмдаған шәкірттер үшін жан - жақты білім көздерімен жабдықталған жоғары оқу орындары да жеткілікті. Сонымен қатар халықаралық деңгейде білім беретін жоғары оқу орындары да жоқ емес. Атап айтсам, Назарбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық, университеті, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті т.б.

Бүгінгі өскелең ұрпақ-еліміздің ертеңгі болашағы. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. Біз кешегі бабамыз бен ғана емес, бүгінгі бағымызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойластыруымыз керек. Бұл біздің болашағымыздың жарқын болуы үшін, жан-жақты терең білім алып, өткеннен үлгі ала отырып, өзіміз ертеңгіге үлгі болуымыз керек деген сөз. 

Болашақ - бүгінгі жас. Ол білімді де саналы болса, алыңғы қатарлы дамыған елдің  жастарымен бәсекелестікке түсе алатын қабілетті, жан-жақты дамыған құзіретті тұлға, мемлекетіміздің іргетасын мықты, болашағын жарқын болары сөзссіз.


 Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек

Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта-оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.

Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. 

Өнер-білімі бар, мәдениеті жоғары елдермен тереземіз тең түсу үшін біз де білімге көңіл қоюымыз қажет. Өйткені, адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін тек қана – білім. Халық даналығы да: «Жемісті ағаш жерге иіліп тұрады, білімді адам елге иіліп тұрады», – деп білімді адамның берері көп екенін айтып кеткен. Ғылымның  қыр – сырын  меңгеріп,бойындағы  бар   білімін  оқушыларына  сіңірген   ұстаздарымыз қаншама!

Конференциядан   көңіліме  түйгенім  көп   болды.Алған  әсерім  керемет, бір   ауыз  сөзбен  жеткізу   мүмкін  емес.Сіздерге үлкен рақмет айтамын.