23
апрель
2021
"30 жылдыққа 30 мың ағаш"
Һарун Рашид бір қарт адамның кішкене жеміс ағашының көшетін отырғызып жатқанын көріп: «Уа, қария, сен енді қартайдың. Отырғызып жатқан ағашыңның жемісін көре де алмасың белгілі, олай болса неге бейнеттеніп жатырсың?», - дейді. Сонда қария: «Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де ағаш отырғызайық, ал жемісін бізден кейінгілер жесін», - деп жауап беріпті.
Бұл жауап Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді. Қарт: «Көрдің бе, балам. Отырғызып жатқан көшеттің жемісін міне мен де көрдім», - депті. Бұл сөзге Һарун Рашид одан сайын риза болып, тағы да алтын береді. Сонда қария: «Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі рет жеміс берді», - деген екен. Әрбір қолға алған істің нәтижесі болады
«Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені», - деген. Ал, ата-бабамыз: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп кеткен.
Абай атамыздың: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» дегендей, кішкене ғұмырымызда елге, жерге пайдамызды тигізіп қалуымыз керек. Амал дәптерімізге сиясы кетпес сауап болып жазылып қалатын ең қайырлы істердің бірі де ағаш отырғызу екен.
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 ж орай
"30 жылдыққа 30 мың ағаш" акциясы барысында мектеп ұстаздары мен мектеп түлектерінің демеушілігімен мектеп бақшасына 80 түп жеміс ағаштары егілді.
Олай болса мол сауапқа себеп болсын!



