«2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтан педагогикалық кеңес » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтан педагогикалық кеңес
19
август
2020

«2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтан педагогикалық кеңес

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы  атындағы  орта мектебінде 2020 жылдың  19 тамызында сағат 16:00 «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында   ZOOM платформасы арқылы  қашықтан педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылының оқыту ерекшеліктері туралы педагогтарды таныстырдық.  Сондай-ақ  күн тәртібіндегі жаңа оқу жылындағы оқу форматы, 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі мен  жұмыс істеу қағидалары, қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер, техникалық дайындық, қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі, педагог имиджі және этикетті сақтау, мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасы туралы, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ережелеріндегі өзгерістер және баланы өз бетінше жұмыс істеуге, оқуға қалай ынталандыру керектігі жөніндегі мәселелер бойынша  ұжымға ақпарат берілді.