«Кезекші сыныптарды оқытудың тәртібі» тақырыбында ата-аналармен кезектен тыс онлайн режиміндегі жиналысы. » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кезекші сыныптарды оқытудың тәртібі» тақырыбында ата-аналармен кезектен тыс онлайн режиміндегі жиналысы.
13
август
2020

«Кезекші сыныптарды оқытудың тәртібі» тақырыбында ата-аналармен кезектен тыс онлайн режиміндегі жиналысы.

Бауыржан Момышұлы  атындағы  орта мектебінің директоры А.Р.Игенбекова «Кезекші сыныптарды оқытудың тәртібі» тақырыбында  ата-аналармен кезектен тыс онлайн режимінде 13.08.2020 жылы жиналыс өткізді. Жиналыс барысында, ата-аналарға  «COVID - 19» вирустың  берілу жолдары, симптомдары, жұқтырып алуға күмән болған жағдайда іс-әрекет алгоритмі, алдын алу, өзіндік қорғану әдістері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың санитарлық  ережелерді қатаң сақтауы туралы мәліметтерді айтып өтті. 
 
Алдағы уақытта бастауыш сыныптар ашылып, кезекші топтар жұмыс істейді. Оның ішінде ата - аналардың өтініші негізінде кезекші сынып 10 топ ашу жоспарлануда. Электронды форматта 123 оқушының ата- анасынан өтініштер қабылданды. Мектепте дайындық қызу үстінде. Мектепке келген оқушының дене қызуы өлшеніп, масқа тағуға міндеттеледі. Белгіленген белгілер бойынша ара қашықтық сақталынуы тиіс. Арақашықтық белгілері мектеп ішінде де белгіленген. Оқушылардың арақашықтығын сақтау кезекші мұғалімдердің қадағалауында. Әр сыныпта 15 партадан қойылып, бір бірден отырғызылады. Парталардың арасындағы дистанция 1 метр. Қоңырау әр топқа әр түрлі уақытта соғылады. Ата - аналардың мектеп аумағына кіруге тыйым санлынады. «Бір сынып бір қағидаты» енгізіледі-деді.

Ата – аналармен  келісім шарт жасалынатыны  туралы   ескертті.