Ата-аналар жиналысы » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
август
2020

Ата-аналар жиналысы

Бауыржан Момышұлы  атындағы  орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен онлайн режимінде жиналыс 11.08.2020 жылы өткізілді.
 
Ата-аналарға  «COVID - 19» вирустың  берілу жолдары, симптомдары, жұқтырып алуға күмән болған жағдайда іс-әрекет алгоритмі, алдын алу, өзіндік қорғану әдістері туралы толық мағлұмат берілді. Коронавирус туралы жаднамалар таратылды.
 Қашықтықтан оқыту кезінде балалардың бос уақытын қалай өткізуі, ғаламтор желілерінде қандай ақпараттарды қарайтыны қатаң қадағалануы тиіс. Оқушы кіммен араласатыны туралы, біріншіден, оның ата-аналары мен ұстаздары үнемі хабардар болып, назарда ұстауы керек.
 Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
 — баламен әңгімелесіңіз, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
 — балаларға тұрмыста, көшеде және жолда өзін-өзі дұрыс ұстауға үйретуде үлгі көрсетіңіз;
 — мектеп әкімшілігімен үнемі байланыста болыңыз; 
сынып жетекшісінің, мектеп басшысының байланыс телефондарын жазып алыңыз;
 — баланың күні бойы қай жерде жүргенін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат ата-аналардың бақылауында, қамқорлығы мен назарында болуы тиіс;
 — балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
 — балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
 — өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электр жылытқыштардың, басқа да электр жабдықтарының, пештің дұрыс жұмыс істеуін және пайдаланылуын қадағалаңыз;
 — көлік жүретін жолға назар аудара отырып, мектепке дейінгі ең қауіпсіз маршрутты таңдаңыз;
 — балаларды жолда жүру ережелеріне үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуға үйретіңіз;
 — қылмыстық жағдайға жол бермеу үшін балаға бағалы заттарды (ұялы телефон, қомақты ақша, зергерлік бұйымдар және т. б.) және мектепке тамақ апаруға рұқсат бермеңіз;
 — балалардың қалталарын, иық сөмкелерін тексеріңіз, балалардың киімінде түйреуіштер болмауы тиіс;
 — балалармен ойын немесе спорт алаңдарында болғанда, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
 — балалар үйдің мекенжайын, телефонын, ата-анасының аты-жөнін білуі тиіс;

— төтенше жағдайларда 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел көмек, 104 – газ қызметі телефондарына хабарласу қажет.