29
май
2020
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы шығыс № 05-5051 хатын негізге ала отырып, ата-аналар жиналысы өткізілді
Бауыржан Момышұлы атындағы отра мектебінде Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы шығыс № 05-5051 хатын негізге ала отырып, ата-аналар жиналысы өткізілді.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына жүргізілген талдау нәтижесін талқылау бойынша 2020 жылы 1 сәуір күнгі отырыстың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, мамырдың 29-ы күні мектепке бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелерінің және ата-аналар төрайымы мен мүшелері алдында санитарлық норманы ескере отырып мектебіміздің директоры А.Р.Игенбекова есеп берді. Жиналыс барысында 2019-2020 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстар есебі, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, оқушыларды мектепке қабылдау мәселелері қарастырылды. 