Математика, физика және информатика айлығы » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика, физика және информатика айлығы
28
февраль
2020

Математика, физика және информатика айлығы

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі бойынша математика, физика және информатика   пәндері айлығының қорытынды есебі.

2019-2020 оқу жылы

 Математика, физика және информатика айлығы  3 ақпан мен 28 ақпан аралығында өтті.

            Тақырыбы:  «Ақыл ойдың қазығы, қағылған ілім төсінде, 

                                    Математика бастауы, барлық ғылым ғылым көшінде». 

            Мақсаты:математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

            Міндеттері:

            Математика, физика және информатика сабақтарында оқушылардың әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдау жолдарын жетілдіруге бағытталынған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін меңгеру, жүйелеу және іріктеу тәжірибесінің ұсынымын жасау.

            Математика, физика және информатика сабақтарында оқушылардың әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдау жолдарын жетілдіруге бағытталынған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін тиімді қолдану бойынша коучингтер, шеберлік сыныптар, тренигтер семинарлар өткізу.

            Оқушылардың әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдау жолдарын жетілдіруге бағытталынған ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар шеруін өткізу.

     Қабырға газеті, ребустар, викториналық сұрақтар жасалынып, айлық жұмыс жоспары ілінді. Талаптарға сәйкес жасалған айлық жоспары өз уақытында, кесте бойынша өткізілді. 

            Айлықтың  ашылуы 3 ақпан күні өткізілді. 5-9 сынып оқушыларының қатысуымен физика, информатика, математика ғылымдары жайында тақпақтар айтылды.

            Керімқұлов Қ.Е. Физика пәнінен 25.02.2020 жылы 7 қазақ сыныптар арасында КВН сайысын өткізді. Ал, 27.02.2020 жылы 11 сыныппен «Элементтер бөлшектер проблеммасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтары жақсы деңдейде өтті. Оқушылардың тақырыпта 

меңгергендігі белсенділіктерінен байқалды. Пәнге деген қызығушылықтары бар.  


            04.02.2020 ж Математика пәнінің мұғалімі Нусубекова А.Ш. 11 «А» сыныбымен «Логорифмдік теңдеулерді шешу» атты ашық сабақ және 11 «Б» сыныбымен «Лучший математик класса» атты сыныптан тыс іс – шара өткізді. 


             Нұрмағанбет А. Ж. және Құдайбергенова Н.А. - ның ұйымдастыруымен 7 «А», «Ә», «Б, «В» сыныптары арасында математика пәнінен «Математикалық сайыс» өткізілді. Сайыс барысында сынып оқушылары өз білімдерін мен өнерлерін көрсетті. Сайыс сабағы жоғары деңгейде өткізіліп, 7 «Ә» сыныбы І орын, 7 «а» сыныбы ІІ орын, 7 «б» сыныбы ІІІ орын алып,  мадақтамен марапатталды.  05.02.2020 ж Құдайбергенова Н.А.  7 «Ә» сыныбымен «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» атты ашық сабағын өткізді. 

Қаратаева О.С. 9.02.2020 ж «Ох, уж эта математика» тақырыбында 8 сыныппен  сыныптан тыс іс- шара өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар толық қатысты. 

            Нұрмағанбет Ә.Ж. Математика пәнінен 9 «В» сыныбымен  12.02.2020ж «Формула тригонометрии» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 05.02.2020ж математика пәнінен «Преобразования выражения с помощью формул сокращенного умножение», 11.02.2020 ж  7 «В» сыныбымен «Сумма углов тригонометрии» атты ашық сабақтарын   өткізді.  Сабақ жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейде өтті. Өз мақсатына жеттіп, оқушылар белсенді қатысып отырды.


            Физика пәнінен Сағынбекова А.Ж. 19.02.2020 ж  8 «А» сыныбымен «Ой мен ойым» тақырыбында тыныптан тыс сабақ, ал математика пәнінен 18.02.2020 ж 6 «Б» сыныбымен «Решение системы линейных неравенств с одной переменной» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты ойын түрінде өткізді.Информатика пәні бойынша Давлетбаева Б. 18.02.2020ж 6 сыныптар арасында «Информатика жұлдыздары» атты жарыс сабағын өткізді. Сабақ өз деңгейінде өтті. Сабақта АКТ элеиенттері қолданылды.

             

           28 ақпан күні «МИФ әлемі» атты физика-математика-информатика айлығынығ жабылу кеші өтті. 


Математика, физика және информатика пәндерінің айлығы жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. 

Қорытындысы: Пәндік айлық жоғары деңгейде өткізілді. Пән мұғалімдері белсенді қатысты. Жоспар бойынша жұмыс атқарылды. Оқушылардың пәнге деген  қызығушығын арттырды.

            Ұсыныс: Осы деңгейде жұмыс жалғастырылсын.


ӘБ жетекшісі: Құдайбергенова Н.А.