Қорытыны аттестаттау және ҰБТ өткізу ережесі » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қорытыны аттестаттау және ҰБТ өткізу ережесі
04
март
2020

Қорытыны аттестаттау және ҰБТ өткізу ережесі

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы
Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңде өтеді
1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.
2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тіліекінші тілалгебра және анализ бастамаларыҚазақстан тарихы) және оқыту бейіні (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді. 
Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.
Емтихандардың тізбесі және нысаны:
1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.
Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет. 
Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.
2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады. 
Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);
Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.). 
4) Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл); 
Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны төмендегідей болады.
Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы;  
«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы
 (2 мәтін, 200-250 сөз);
«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы   (2 мәтін, 200-250 сөз).
5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.
Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).
Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді
Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады. 
Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.
Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.
Алтын белгі үміткерлері білімдерін дәлелдеу мақсатында мектепте қорытынды аттестаттау тапсырады. 
Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ тапсырады.
Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.
 Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.
ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі. 
1 блок:
Математикалық сауаттылық -  Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар).
Оқу сауаттылығы - Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және т.б.).
Қазақстан тарихы - Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Пәнді білу).
2 блок:
Бейіндік пәндер (әрбір мамандық бойынша екі пән) – 1 бейінді пән:  20 сұрақ ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып.
2 бейінді пән: 20 сұрақ ұсынылған бес тапсырманың   бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып.
Тестілеу уақыты – 3 сағат 30 минут.
Шекті балл - 50. 
  1. Баллды бағаға ауыстыру шкаласы: 
Бейіндік пәндер бойынша
БаллдарПайызыбағасы
0 – 290 – 49%2
30 - 3850 – 64%3
39 -4865 – 80%4
49 - 6081 – 100%5
Математикалық және оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы бойынша
БаллдарПайызыбағасы
0 – 90 – 49%2
10 – 1350 – 64%3
14 – 1665 – 80%4
17 – 2081 – 100%5
ЖОО-ның  барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы,   математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар).  
Бейінді пәндерМамандықтар саны
1Математика + физика52
2Математика + география18
3Тарих+ география7
4Биология + химия22
5Биология + география12
6Шет тілі + тарих11
7Оқыту тілі және әдебиет (қазақ немесе орыс) + тарих7
8География + шет тілі4
9Химия + физика5
10Тарих + Адам. Қоғам. Құқық4
11Шығармашылық емтихан33
Барлығы175
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау     10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. 
ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. 
 «Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.