Семинар есебі » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
04
July
2019

Семинар есебі

"Жақсы ұстаз шәкіртіне талмас талап,
қайыспас қанат сыйлайды"
Халық даналығы

Егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыталуда.Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді,білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.Ғылым мен техниканың жедел дамыған ,ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр.Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару білім беру саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер жүктейді.Сол міндеттердің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді,оны дербестікке, ізденімпаздыққа ,шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалып отыр.Өйткені мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Осы бағытта 2019 жылдың 6 наурыз күні мектебімізде «Сабақ кезеңдерінде оқушылармен топтық жұмысты қолдану жолдары» тақырыбында аймақтық семинар болып өтті. Семинар өтетіні жайында желілік қоғамдастықтағы мектептерге (15 мектеп) ақпараттық хат жіберіліп, әр мектептің мектеп координаторлары мен мұғалімдер шақырылды.
Семинардың алға қойған мақсаты: «Сабақ кезеңдерінде оқушылармен топтық жұмысты қолдану жұмыстарын сапалы ұйымдастыру және білім беруді әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету ».
Күтілетін нәтиже: «Желілік қоғамдастық мұғалімдері педагогикалық шеберлігін дамытады және жетілдіреді, тәжірибе жинақтайды».
Семинарға «Шабыт» желілік қоғамдастығына қарасты мектептерден 10 мұғалім және мектебіміздің мұғалімдері де қатыстырылды. Іс-шара аясында түрлі психологиялық тренингтер мен коучингтер, шеберлік класы, дөңгелек үстел , концерттер ұйымдастырылып, флешмоб, кері байланыс жұмыстары жүргізілді. Мектеп фойесінде «Шырқау» кәсіби қоғамдастық мүшелерінің жұмысы, атқарған істері бойынша көрме ұйымдастырылды.Жаңа форматта ұйымдастырылған іс-шараға мектеп ұстаздары белсене атсалысты.
Семинардың ұйымдастыру бөлімінде, семинар қонақтарын тіркеуден кейін, ұстаздар мектептің акт залында бас қосып, мектеп өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады
Мектеп психологі Базарбекова Ұлжалғас «Көңілді күн» тренингін ұйымдастырып, мұғалімдер арасындағы жылы психологиялық ынтымақтастықтың орнауына оң әсерін тигізді.
Бұдан әрі мектеп директоры Ахилбекова Э.А. семинар жұмысын ашық деп жариялап, іс-шараның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, ұстаздардың жұмысына табыс тіледі. Келесі сөз кезегін алған «Шабыт» желілік тірек мектебінің директоры А.Жанағараева А. мұғалімдерді айтулы іс-шарамен құттықтай отырып, осы бағдарламаны қолдану кезінде кездесетін қиындықтары, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру оқыту мен тәрбиелеу үрдісі арқылы жүзеге асырылатыны туралы ой бөлісті. Бағдарламаның 7 модулі аясында оқыту мен оқу туралы ғылыми және тәжірибелік білімнің үйлесімін қамтамасыз ету үшін мұғалім әр сабағын жаңаша тұрғыда жоспарлауы қажет екенін атап өтті..
«Шабыт» желілік қоғамдастығының координатор Коротуненко В.В. «Методические приемы,используемые на различных этапах урока» тақырыбында баяндама жасап, казіргі таңдағы оқу технологияларының заман талабына қарай өзгеріп , жаңа форматқа ойысқанын тілге тиек етті.
Семинар жұмысының екінші бөлімінде Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің ІІ деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жапарқұлова Гульзира Журсиновна «Топтық жұмыс арқылы оқу үшін бағалауды жақсарту- оқушылардың креативтік ойлауын арттырады» тақырыбында қоучинг-сессиясын өткізсе, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің ІІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Искакова Бахыт Аханайқызы 3-сыныптың қазақ тілі пәні бойынша « Болымды, болымсыз етістік», мектебіміздің ІІІ деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі Бексұлтан Ерлан Қалмашович 6 «Ә» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «ХІІІ-ХV ғ.ғ. алғашқы жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық- саяси құрылысы»,
ІІІ деңгейлі физика пәнінінің мұғалімі Сагимбекова Айгүл Жұмаханқызы
7 «А» сыныбында « Қысым» тарауын қорытындылау» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетсе, ІІІ деңгейлі музыка пәнінің мұғалімі Гулиева Земфира Надыровна «Оркестр казахских народных инструментов» тақырыбында панорамалық сабағын ұсынды. Семинар жұмысы одан әрі ІІІ (базалық) деңгейді тәмамдаған тарих пәнінің мұғалімі Джафарова Малика Сахаватқызының ұйымдастыруымен «Топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде жалғасын тапты..Дөңгелек үстел басында ұстаздар бүгінгі таңдағы бала тәрбиесінің күрделеніп , ата-аналар мен ұстаздарға үлкен міндеттер жүктеп отырғанын тілге тиек етті.Жас ұрпақты парасатты ,ақылды, жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі топтық жұмыстың рөлі және әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым -қатынас орнату, оқудағы жаңалықтар туралы мәлімет беру жайында Коротуненко В.В.,Джафарова М.С., Бексұлтан Е.Қ. т.б. мен семинар қонақтары пікірталасқа түсті.
Семминар жұмысын қорытындылағанда, «Шабыт» желілік қоғамдастығының координаторы Коротуненко В.В. сөз алып, жоспарланған іс-шаралардың жоғары деңгейде өткендігін, семинардың күтілетін нәтижесі мен мақсаты орындалғандығын атап өтіп, семинарға белсене қатысқан ұстаздарға сертификаттар табыс етті.