17
март
2022
"Топтық эстафеталық ойындар" атты ашық сабақ
Мұғалім – мектептің жүрегі. Әр адам баласын білімге шақырып, тәрбиелеп өсірген мұғалімдердің еңбегі ешқашан өлмейді. Осы мақсатта Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыруға бағытталған іс-шараны ДОІЖО Э.А Сагимбекованың ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Қ. Шайханов "Топтық эстафеталық ойындар" атты ашық сабағын өткізді. Жас маман сабағын жоғары деңгейде өткізе білді.













