"Қош келдің, құтты Наурызым!" » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Қош келдің, құтты Наурызым!"
10
апрель
2023

"Қош келдің, құтты Наурызым!"

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі. 
Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді.
Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпеділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады.  Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған. 
Бүгін, көктемгі күн мен түннің теңелетін күні Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде "Қош келдің, құтты Наурызым!" тақырыбында мерекелік іс- шара өтті. Іс- шара барысында мектеп ауласына киіз домтігіліп, киіз үйдің ішінде ауыл аумағында тұратын әртүрлі  ұлттардың ұлттық тағамдары патиі өтті.  Оқушылардың қолөнер көрмесін технология пәні мұғалімдері ұйымдастырса, ал дене шынықтыру мұғалімдері ұлттық ойындар( арқан тартыс, қазақша күрес) өткізді. Мектеп ауласында тамаша концерттік бағдарлама көрсетті. "Кунту баба" мешітінде келіндер байқауы өтіп, жеңіске жеткен топтарға сый- сияпат жасалды, мереке көңілді өтті.