13
март
2023
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында ата- аналарымен тренинг
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде Жаңа жол ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы У.Т.Байдосованың қатысуымен мектеп психологы У.Ж.Базарбекова, А.Қ.Жақсылық "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында ата- аналарымен тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: ата - ана мен қыз бала арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді ету, жақсарту. Ата- ана мен бара арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру. Тренингтен ата- аналар түзету-дамыту кезінде қыз- баланың сұлулық, әдептілік, инабаттылық, сыйласу, өнегелі қыздың бойжетіп өсуі ата- анаға және оның тәрбиесіне байланысты екендігін ұғына білді.