16
февраль
2022
"Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында кездесу кеш
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына -33 жыл.Тарих бетіне қанды із қалдырған Ауған соғысы аяқталғалы қанша жыл өтсе де,қырғынды күндердің елесі әлі күнге дейін көз алдымызда.
Жат жерде жан тапсырған интернационалист-жауынгерлерді еске алу,өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке баулып,патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында,Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Н.Р.Секеева мен алғашқы әскери және дайындық технологиялық пәнінің мұғалімі Р.С.Тастанкуловтың ұйымдастыруымен "Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында кездесу кеш өткізілді.Кездесу кешінің қонақтары интернационалист-жауынгер Н.Б.Далабаев, Н.К.Молдамуратов,Б.Ш.Азнаев,Б.А.Қырықбаев қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандарын,әртүрлі ұлтан құралған әскер қатарынының мығзымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы,олардың әрқайсысы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққандары жайлы айтып берді.