Әдеп кеңесі » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
13
май
2021

Әдеп кеңесі

Жамбыл облысы әкімдігінің

білім басқармасының

Шу ауданы  білім бөлімінің  

басшысы М.К.Жинакбаеваға


Мәлімет

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрінің Заңының   2020 жылдың   11- мамырдағы   № 190  бұйрығына   және   «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі  Қазақстан Республикасы  Заңының 5- бабының 34- 1) тармақшасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы   27 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 3- тармағына   және 16 бабының 1- тармағына негізін ала отырып 2020 жылғы  22  мамырдағы   педагогикалық кеңесінде  Әдеп кеңесінің ережелерімен мектеп мұғалімдері таныстырылды. 2020 жылғы 10 тамызда   «Әдеп кенесі құру туралы» мектепшілік № 123 бұйрығы шығарылды. Бұйрыққа сәйкес педагогикалық кеңесінің шешімімен  кеңес төрайымы  қызметі   Н.Б.Бейсбаеваға, кеңес хатшы қызметі   К.Ш.Джаксыбаеваға   жүктелді.Педагогикалық Әдеп жөніндегі   кеңесі  төмендегі  құрам бойынша құрылды.

-Э.А.Ахилбекова- ардагер ұстаз

-Ш.Анапиянова- аудандық білім бөлімінің әдіскері

- М.С.Искакова – ардагер- ұстаз

-К.Ш.Джаксыбаева- қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

- Э.А.Алиев- көркем еңбек пәні мұғалімі

- Қ.Р. Кокубаев-  қамқоршылық кеңесінің мүшесі

-Гасанов Ханнар- Қоғамдық ұйымының мүшесі

-Н.Б.Бейсбаева- кәсіподақ  комитетінің төрайымы

     Педагогикалық әдеп кеңесінің мүшелері өз өкілеттілігін  өтеусіз негізінде 2020 жылдан 2023 жылға дейін жүзеге асырылады.

     «Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті» туралы көркем еңбек пәні мұғалімі Э.А.Алиев баяндама оқыды.Мұғалім өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару керек екенін айтты. «Педагогикалық этика нормаларымен ережелерін сақтау міндеттерімен ардагер ұстаз Э.А.Ахилбекова таныстырды.

        Қараша айында «Жеке фотосуреттерімен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау» туралы ардагер ұстаз М.С.Искакова кеңінен тоқталып өтті. « Педагогикалық әдеп және педагогикалық тактика», «Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті» тақырыптарында баяндамалар оқылып, пікір алмасты.

      Наурыз айында «Педагогтардың құқықтары», «Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары», «Мектептегі педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау» туралы ережелерімен таныстырылып, ой бөлісті.

      Сәуір айында «Құқықтық сауаттылық» күні ұйымдастырылып өткізілді.

   Мектеп   педагогтары педагогикалық әдеп туралы ережелерді сақтайды, сөйлеу мәнері және киім үлгісі талапқа сай, оқушылармен қарым-қатынастары жоғары деңгейде.






           Әдеп кенесінің төрайымы:  Бейсбаева Н.Б.

           Хатшы:  Джаксыбаева К.Ш.