07
октябрь
2020
Хаттама
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің кезектен тыс № 3 ата-аналар жиналысының хаттамасы29.09.2020 ж
Қатысқан: 40
Күн тәртібінде
1. COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны жұмсау бойынша есеп беру.
Тыңдалды: Мектеп директоры А. Игенбекова ата-аналар жиналысын ашып, бүгінгі ата-аналар жиналысының өткізіліп тырған себебі, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 21.09.2020 жылғы № 01-4091 хатына сәйкес ҚР 2015-2020 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 ж арналған іс-шаралар жоспарының 29 тармағын орындау мақсатында , COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны жұмсау бойынша есеп беру екендігін айтып кетті. Мектеп директоры А. Игенбекова COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты Шу әкімдігінің білім бөлімі тарапынан
1. Моноблок -1990000тг-10 дана
2. Планшет-820000 тг-10 дана
3. Санитайзер -528000тг-100 дана
4. Лампа- 60000тг -2 дана
5. Коврик-39400 тг-4 дана
6. Тепловизор-40000тг-2 дана
7. Роутер-233 440 тг-16 дана
8. Сим карта-63360 тг-16 дана
Берілгендігін, сонымен қатар мектебіміздегі 23 аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 8 оқушыға уақытша пайдалануға планшет-10, роутер -16, ноутбук-9 және компьютер -7 берілгендігі айтып кетті.Мектеп директоры А. Игенбекова жиналыс барысында короновирустық инфекцияның таралу қауіпінің алдын алу бойынша санитарлық дизенфекциялық талаптардың қатаң сақтау қажет екендігіне де тоқталып, ата-аналарға түсіндіріп кетті.
Шешімі: 1. COVID-19 короновирустық инфекциясының таралу қауіпінің алдын алу бойынша санитарлық дизенфикциялық талаптар қатаң сақталсын
2. Интернет желісіне оқушыларды толық қамтамасыз етілуі бойынша хабардар болу үшін сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыста болсын.
Мектеп директоры: А. Игенбекова
Хатшы: Ж. Аубакирова
Шешімі: 1. COVID-19 короновирустық инфекциясының таралу қауіпінің алдын алу бойынша санитарлық дизенфикциялық талаптар қатаң сақталсын
2. Интернет желісіне оқушыларды толық қамтамасыз етілуі бойынша хабардар болу үшін сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыста болсын.
Мектеп директоры: А. Игенбекова
Хатшы: Ж. Аубакирова
