Родителям жадынама » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
10
апрель
2020

Родителям жадынама

АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА

Құрметті ата – аналар!


Бұл жадынама Сіздерге арналған! Сіз балаңызға ең жақын адам ретінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық пен жыныстық қолсұғуларға қарсы тұруына көмектесетін адам болып табыласыз.

Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға «Жеті болмайды ережесін» қалыптастыруға көмектесіңіз:


  • Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болмайды;Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болмайды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;
  • Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болмайды;
  • Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болмайды;
  • Далада жалғыз жүруге болмайды, әсіресе кешкілік уақытта;
  • Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болмайды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)
  • «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де.

Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!


Жасөспірімге  үнемі «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз:


  • Егер балаңызға қонаққа кіруге немесе үйге дейін жеткізіп салайық деген ұсыныстарына, ол көрші болғанның өзінде де;
  • Егер үйде ата – ана болмаған кезде бейтаныс (нашар танитын) адам келіп үйге кіргізуін өтінсе;
  • Егер бейтаныс адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді, сөмкесін көтерісуді немесе дүкенге дейін шығарып салуды сұраса;


Әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесуге шақырса, жасөспірімдер  келесі сөздер тізбегін жаттап алсын:

  •  Рахмет, бірақ менің ата – анам бейтаныс адамдардың үйіне қонаққа баруға тыйым салады;
  • Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда бармаймын;
  • Мені жайыма қалдырыңыз, болмаса мен айқайлаймын.