"Мектеп асханасы" республикалық акциясы » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Мектеп асханасы" республикалық акциясы
25
февраль
2020

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ



2020 жылдың 27 қаңтар және 27 ақпан аралығында өткен «Мектеп асханасы» республикалық акциясы туралы
МӘЛІМЕТ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы №3-15-3120-И хатын орындау мақсатындағы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылы 27 қаңтардағы № 59 бұйрығы бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде «Мектеп асханасы» республикалық акциясын өткізуге арнайы іс-шара жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілді.
Мектептегі оқушылардың тегін тамақтандырудың сапасына бақылау жасау мақсатында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы құрылды.
Акция аясында мектепте перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитариялық жағдайы, азық түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы бақылау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, дұрыс тамақтануға байланысты оқушылармен ашық есік күндеріне келген ата - аналардың қатысуымен сынып сағаттары жүргізілді, таныстырылымдар мен бейнероликтер көрсетілді. «Дәрумендер», «Қант диабетіне шалдыққан балалар», «Фаст-фуд тағамдардың адам ағзасына әсері», «Жемістер мен көкөністер туралы не білеміз?» тақырыптары аясында кеңестер берілді. «Мектепте тамақтану» туралы өткізілген іс-шаралар қорытындылары фейсбукке, мектептің сайтына енгізілді.
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы