"Маман кеңесі" коронавирус инфекциясы туралы » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Маман кеңесі" коронавирус инфекциясы туралы
19
февраль
2020

"Маман кеңесі" коронавирус инфекциясы туралы

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында 18 ақпан күні өткен «Маман кеңесі» айдарымен мектептердің жоғары сыныптарға арналған денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігер мамандарымен ұйымдастырылған кездесу өтті.
18 ақпан күні мектепте 8-11 сыныптар оқушыларына ауылдық округінің дәрігер мамандары Джафарова Мирсура және Мамедова Улдыз, мектеп психологтары Искакова Г.А., Базарбекова У.Ж., мектеп медбикесі Сейтова М.М. Қытайдағы «Коронавирус» жұқпалы вирус індеті, оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды тақырыптарында оқушылардың туралы түсіндірмелі жұмыстарын жүргізді. Алғаш рет Ухань билігі анықтаған, қазіргі таңда жалғасып жатқан 2019-2020 жылғы Уханьдағы жаңа коронавирус індетінің қоздырғышы.Алғашқыда індет ошағы теңіз өнімдері мен мал базарында анықталды деп хабарланғандықтан, вирус зоонозды инфекция болуы мүмкін деген болжам пайда болды, алайда әлі расталмады. Осы вирус пен басқа да белгілі вирус түрлерінің генетикалық құрылымын салыстыру барысында, зерттеліп жатқан жарғанат коронавирусының (96%) құрылымына ұқсайтыны анықталған. Вирус жұқтырғандағы бірінші белгілер:
• 90% жағдайда қызба мен дене қызымының көтерілуі (38°С не одан жоғары, қалтырау/.
• 80% жағдайда жалпы әлсіздік пен құрғақ, өнімсіз жөтел
• 20% жағдайда Тыныс алудың қиындауы
• 15% жағдайда тыныс жетіспеушілігі
• Есінен тану (өкпе тінінің үдемелі зақымдануынан)
• Кеуде тұсындағы ауырсыну сезімі
• Бас ауыруы
• Миалгия екенін айтып өтті. Школьникам қолдарын жиі сабынмен жуып, бетперде /маска/ киуіне кеңес берді.
Сондай ақ мектеп оқушыларға бірнеше дәрігерлік кеңестер берілді. Школьникам кез келген аурулардың алдын алмаса салдары қандай болады; оның адам өміріне тигізетінін келешектегі қауіп-қатері қандай; тағы басқа да осындай үлкен сұрақтың төңірегінде әңгіме қозғалды.
Одан әрі қарай мектеп медбикесі Сейтова М.М. оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды туралы әңгіме қозғалды. Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары тереңірек түсініктер беріледі.
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады.
Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.
Жоғарғы сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлұмат алып, бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі ұйқының жағдайы мен ұзақтығын дұрыс бағалай білгені дұрыс.
Мектеп оқушылары төменгі сыныптан бастап жеңіл-желпі жарақат алғанда, кесіп алғанда, тырналғанда, сырылып кеткенде, күйікте, мұрны қанағанда т.б. жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдеріне үйренеді.
Көптеген зерттеушілер салауатты өмір сүру - рационалды тамақтану, күн тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтау және зиянды әдеттерден бас тарту өмір сүру ұзақтығын 7-10 жылға ұзартады деп санайды. Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтамау, тек өзінің жеке басына ғана емес, сонымен қатар маңайындағы қарым-қатынастағы адамдарға да қолайсыз әсер етуі (мыс. жұқпалы аурулар таралуы) мүмкін. Мектеп оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс.
Оқушылардың да бұндай әңгіме төңірегінде ой қозғайтыны анық, олардың тарапынан сұрақтар мен пікірлер өте көп болды.
"Маман кеңесі" коронавирус инфекциясы туралы
"Маман кеңесі" коронавирус инфекциясы туралы
"Маман кеңесі" коронавирус инфекциясы туралы
"Маман кеңесі" коронавирус инфекциясы туралы
"Маман кеңесі" коронавирус инфекциясы туралы