Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 18-27 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 18-27 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі
22
февраль
2020

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 18-27 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Бауыржан Момышұлы  атындағы орта мектебінде  "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша әр аптада жүргізілген іс-шаралар қорытындысы мектеп сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды.Жоспарға сәйкес 22-і ақпан күні ата-аналарға арналған ашық есік күні өткізілді.Ашық есік күнінде ата-аналар балалардың тамақтарының ұйымдастырылуын бақылады. Ата-аналар тарапынан болған түрлі пікірлерден, тамақтандырудың ұйымдастырылуына көңілдері толатыны анықталды.Бала денсаулығының дұрыс қалыптасуында тамақтанудың мәні зор.Мектеп асханасына күнделікті сараптамалық комиссия бақылау жүргізді.  Бақылау барысында мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексеріліп тұрды.Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздың сыртқы киім үлгісі ,барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады.

   Сонымен қатар жоспар бойынша, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан «Тамақтану оқушылар көзімен» тақырыбында сауалнама алынды.