Біз туралы » Страница 4 » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Адамдық диқаншысы" тақырыбында ашық сабақ
27
январь
2023
"Адамдық диқаншысы" тақырыбында ашық сабақ
Бауыржан Момышұлы    атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жақсыбаева К.Ш 8 "В" сынып оқушыларымен  "Адамдық диқаншысы" тақырыбында ашық сабақтар  өткізді. Смарт тақтаны бар мүмкіндігінше пайдаланды.Оқушылар сабақ барысында  жұптық және топтық, жеке жұмыс жүргізілді.Бүгінгі сабақтан алған білімдерін нақты жеткізе алды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бақтыбекқызы Д  5-сынып оқушылары мен  "Қожаның қиялы" тақырыбында ашық сабақ  өткізді.
27
январь
2023
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бақтыбекқызы Д 5-сынып оқушылары мен
Бауыржан Момышұлы  атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес өтіп жатыр. 18.01.2023жылы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бақтыбекқызы Д  5-сынып оқушылары мен  "Қожаның қиялы" тақырыбында ашық сабақ  өткізді. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті.  Сабақта оқушыларға қызықты  тапсырмалар беріліп, кері байланыс алынды.Сыныптағы  оқушылар түгелдей қамтылды.
Жас мамандарға арналған семинар өткізді.
27
январь
2023
Жас мамандарға арналған семинар өткізді.
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің жоспарына сәйкес тарих пәнінің ӘБ жас мамандарға арналған семинар өткізді. Семинар барысында: " Оқушыларды ҰБТ дайындаудың тиімді жолдары: Е. Бексұлтан және Т. Мирзаева, " Жаһандық құзыреттілік- өмір талабы" М. Джафарова, ал панорамалық сабақты Д. Мамедова  өткізді.
Сабақтың тақырыбы: "Ас-адамның арқауы"
26
январь
2023
Сабақтың тақырыбы: "Ас-адамның арқауы"
Бауыржан Момышұлы    атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова А.Т 5 ”В”сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Ас-адамның арқауы"  Оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, сабақтың мақсатына жете білді.
8 сынып оқушысы А. Тұрсынбай Республикалық "Жылдың үздік дарынды оқушысы" байқауының жеңімпазы атанды.
09
декабрь
2022
8 сынып оқушысы А. Тұрсынбай Республикалық "Жылдың үздік дарынды
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы А. Тұрсынбай Республикалық "Жылдың үздік дарынды оқушысы" байқауының жеңімпазы атанды. Жарайсың, Алтынай!
" Соңғы қоңырау" күніне орай
25
май
2022
" Соңғы қоңырау" күніне орай
Шу  ауданының білім бөлімі мен Білім беру қызметкерлері кәсіподағының Шу аудандық комитетінің ұйымдастыруымен 25 мамыр " Соңғы қоңырау" күніне орай білім саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін    Бауыржан Момышұлы    атындағы орта мектебінің  математика пәні мұғалімі Қаратаева Оразкүл Садыковна марапатталды.Құттықтаймыз!
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан көп ұлтты Қазақстан» тақырыбында достық фестивалі
30
апрель
2022
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан көп
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде  Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан көп ұлтты Қазақстан» тақырыбында достық фестивалі   өткізілді. Фестивалға 7-8 сынып оқушылары қатысты, жеңген сыныптар мақтау қағазымен марапатталды. Барлық қазақстандықтарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.  Мереке құтты болсын! #Шуаудыныныңбілімбөлімі и ещё 3
«Үздік авторлық бағдарлама»  аудандық  байқауы
27
апрель
2022
«Үздік авторлық бағдарлама» аудандық байқауы
Шу ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектеп педагогтеріне арналған «Үздік авторлық бағдарлама»  аудандық  байқауы өтті. Байқауға ұсынған материалдарды сараптау нәтижесінде Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Г.Түменбаева І орын,  география пәні мұғалімі А.Балакишева - ІІ орын, музыка пәні мұғалімі, З. Гулиева-ІІІ орын Дипломдарына иеленсе, ал көркем еңбек пәні мұғалімі Э. Алиев, бастауыш сынып мұғалімі А. Мирзаева,... Ещё и ещё 5
'Жасөспірімдерді деструктивті ағымдардың әсерінен қалай қорғаймыз" атты аудандық семинар
25
апрель
2022
'Жасөспірімдерді деструктивті ағымдардың әсерінен қалай қорғаймыз"
Шу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 22 сәуір күні Жаңа жол ауылы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің базасында 'Жасөспірімдерді деструктивті ағымдардың әсерінен қалай қорғаймыз" атты аудандық семинар өтті. Семинар мақсаты: Жалпы білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына кәсіби шеберлігін арттыруда өзара тәжірибе алмасу.  Міндеті: Мектепке жасөспірімдерді деструктивті ағымдардан қорғау және алдын алу. Жасөспірімдерді рухани адамгершілікке тәрбиелеу.