Мектебіміздің тарихы » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2016

Мектебіміздің тарихы

Мектебіміздің тарихы


     Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің тарихы.
1934 жылы Новый путь селосында бастауыш мектеп құрылды. Орталық көшеде орналасқан. Мектепте бар болғаны 2 сынып болды.
1938 жылы Степная көшесінде 7 жылдық мектеп болып қайта құрылды. Бұл кезде мектепте 12 оқу бөлмесі болды.
1946 жылы мектепте Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қолбасшысы И.В.Панфиловтың есімі берілді.
1955 жылы Школьный көшесінде жаңа мектеп үйі салынды.
1969 жылы жаңа типті мектеп үйі салынды. Оқушылар ескі мектепте де, жаңа мектепте де оқыды. Ол кездерде 1600 бала оқып, сексеннен аса мұғалім еңбек етті.
1992 жылы Қазақстандық жауынгер қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлы есімі мектепке берілді.
Бауыржан Момышұлы мектебі көп ұлтты. Мысалы қазіргі таңда қазақ 226, орыс- 11, әзірбайжан 235, шешен 9, түрік 72, ұйғыр, татар балалары да оқиды. Мектепте 550 бала және 3 мектепалды дайындық сыныптары оқиды. 69 мұғалім еңбек етеді. Мектеп екі тілді қазақ және орыс тілінде оқытады. Ағылшын және әзірбайжан тілдері оқытылады.



Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі
құрылғаннан бері еңбек еткен мектеп директорлары.
1934 жылдан 1940 жылға дейін басшылық жасаған директорлардың аты- жөні сақталмаған.
Вдовин директорлық құрған уақыттың мерзімі анықталмады.
1946-1950 жылдары Крымшамхалова Александра Афанасьевна 
1950-1952 жылдары Сакун Иван Петрович
1969-1973 жылдары Шагиев Хамид Абдуллаевич
1973-1975 жылдары Мырзаханов Советхан Толегенович
1975-1977 жылдары  Нечаева Серафима Константиновна 
1977-1981 жылдары  Сафаров Муфти Сейфатович
1981-1987 жылдары  Урпекбаев Жарас Енсебекович
1987-2005 жылдары Рзаев Якуб Аршадович

2005-2010 жылдары Жаксыгулова Рысалды  Жаксыгуловна 

 

2010 -2013 жылдары Мырзахан Кеңесхан Советханович
2013 -2019 жылдары Ахилбекова Эльмира Аскеровна
2020 жылдан бастап Игенбекова Аксункар Рахметуллаевна басшылық етуде.