08
февраль
2022
2-4 сынып оқушыларына арналған ХV республикалық математикалық " Бастау" турнирі
08.02.22 ж Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде ДОІЖО Сагимбекова Э.А-ның ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының білімдерін дамыту және дарынды оқушыларды қолдау мақсатында 2-4 сынып оқушыларына арналған ХV республикалық математикалық " Бастау" турнирінің мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.
Турнирдің мақсаты – математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш сынып оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Турнирдің негізгі міндеттері:
– математика саласында дарынды бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарына қарай шығармашылық қарым-қатынас үшін арнайы командалық жарыс түрінде жағдай туғызу;
– мектепішілік дарынды бастауыш сынып оқушыларының ішінен математика пәні бойынша олимпиадалық құраманы қалыптастыру;
– бастауыш сынып оқушыларының жеке және командалық жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту;
– бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының білімдерін тереңдету және кеңейту.