«Қазақстан халқы тілдер күні»
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде «Қазақстан халқы тілдер күні» мерекесіне орай «Тіл – халық мұрасы» тақырыбында өткізілген іс-шараларды қорытындылау кеші өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.