Анықтама » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2023

Анықтама

«Үш тілде білім беру – заман талабы» атты аудандық семинар-практикумына
АНЫҚТАМА
            Аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің 2018 жылдың 18 сәуірдегі №394 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың  сәуір күні, Жаңа жол ауылы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде  «Үш тілде білім беру – заман талабы» атты аудандық семинар-практикумы өткізіліп, барлығы   26 педагог қызметкерлер қатыстырылды.
Семинар-практикум мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында биология пәні сабағында үш тілде білім бере отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және оны оқыту үрдісінде қолдану әдістемесімен тәжірибе алмасу».
Семинар-практикумге Шу ауданының 20 дан аса биология пәнінің мүғалімдері қатысты. Семинардың практикалық бөлімінің алдында қазақстандықтардың үш тілде еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру туралы пікір алмасты. Семинардың практикалық бөлімінде мектептің жаратылыстану пәндері бойынша Білім көрмесі өткізілді. Келген қонақтарды Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп мұғалімдерінің және оқушыларының химия, биология география пәндері бойынша түрлі байқаулардағы нәтижелі жұмыстарымен таныстырылды.
Семинар-практикумда В1 дәрежесі бойынша ағылшын тілі курсын біткен биология пәнінің мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Г.Б.Туменбаева «Строение цветка» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен ашық сабақ, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Ж.Б.Айтбаева «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер. Фотосинтез. Фотосинтез пигменттері» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен ашық сабақ, Жайсан орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі А.А.Оңалбаева «Ас қорыту жүйесі» тақырыбында панорамалық сабақ, Макаренко орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ә.Д.Беккулова «Есту мүшесінің құрылсы мен қызметі» тақырыбында панарамалық  сабағын  өткізсе, С.Сейфуллин орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі М.Л. Кенжебекова «Ми бөліктері» тақырыпта панорамалық сабақ,  Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі С.К.Абиканова «Движение в природе»  5 сынып оқушыларымен ашық сабақ, М.Х.Дулати орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ж.А.Ахаева «Биосфера-жердің тірі қабығы» тақырыбында панорамалық сабағын өткізді.
Сабақ өткізу барысында инновация әдіс-тәсілдерді қолданып сабқатарын жоғарғы деңгейде өткізді. Семинарға қатысушалардың пікірі бойынша сабақтар жақсы деңгейде өткізілді.
Әдіскер                                 С.Аметқызы