26
март
2021
«Бір түлек-бір ағаш» атты акциясы
Адам-табиғаттың ажырамас бөлігі. Біздің әрбір басқан ізіміз бен істеген ісіміз табиғатпен тығыз байланысты.
Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жомарт түлек» жобасын іске асыру мақсатында, «Бір түлек-бір ағаш» атты акциясы барысында 3 туя, 3 юкка және 2 арша отырғызылды.
Бұл акцияға Жаңа жол ауылдық округінің әкімі Д. Әліпбаев, мектеп директоры
А. Игенбекова ат салысып, оқушылармен бірге ағаштар екті.
Бүгінгі акцияға демеуші болған ата-аналарға мектеп ұжымы атынан үлкен алғысымызды айтамыз. Атаулы акцияның соңы мектеп оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.








