15
октябрь
2020
"Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы"
14.10.2020 ж Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде мектеп психологі Г.Искакова мен мейірбике
С. Гулиевамен "Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында 11 сынып кыздарымен барлық санитарлық нормаларды сақтап, жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында қыз баласының бойында қандай қасиеттер болу керек екендігін туралы айтылды және мектеп психологі Г. Искакова, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында әңгіме жүргізіп, қажетті кеңестер берді. Сонымен қатар спортпен айналысуға, гигиеналық шараларды сақтануға шақырды.


