11
июнь
2020
Судағы қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмыстары.
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларына чат арқылы жазғы демалыста суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы нұсқаулықтар беріліп, судағы қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау туралы 29 мамыр-13 маусым аралығында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құрметті ата-аналар, оқушылар:
Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарында демалушылардың саны күрт өсуде. Суда дем алыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ есте сақтаңыздар! Судағы қайғылы жағдайларды негізгі себебі болып азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеуінен болады. " Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбына байланысты Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің әкімшілігі мен сынып жетекшілері 2019-2020 оқу жылының жоспарына сай тәрбие сағаттар, ата- аналар жиналысын, сыныптан тыс жұмыстар жүргізді. Ауыл аймағында орналасқан өзеннің бойына қатаң ескерту белгілерін қойылды, сонымен қатар ата- аналар, оқушылар чаттарына, фейсбук парақшасына , жадынамалар мен бейнетаспалар таратылды. Су қауіпсіздігі туралы жұмыстар бақылауда болып, жалғасын табуда. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің әкімшілігі ЕСКЕРТЕДІ: Судағы апаттан қорғаудың ең сенімді жолы - сауда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау!
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=137785527903171&id=100050151733514
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=143340444014346&id=100050151733514
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=132888131726244&id=100050151733514
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=121170542898003&id=100050151733514







