Ата-аналар жиналысы » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
28
August
2018

Ата-аналар жиналысы

Мектебімізде 2018 жылдың 28 тамызында жаңа оқу жылына дайындық бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 147 ата-ана қатысты.Жиналыста төмендегі мәселелер қатысты:
1. Мектептің 2018-2019 оқу жылына дайындығы туралы.
2. "Мектепке жол" акциясы туралы .
3. Мектеп оқушыларының 2018-2019 оқу жылына оқулықтармен қамтылуы туралы.
Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы туралы директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары есеп беріп өтті. Мектептегі сырлау, бояу жаңарту жұмыстары жүргізілгендігі туралы айтып өтті.
"Мектепке жол" акциясы бойынша директордың құқықтық жөніндегі орынбасары Мирзаев В.Б. есеп берді. Ағымдағы оқу жылына демеушілер тарапынан 10 балаға мектепке қажетті киім, оқу-жабдықтар, спорт киімдері алынып берілді. Жалпы алғанда 300 мың теңге көлемінде көп балалы, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.
2018-2019 оқу жылына оқушыларды оқулықтармен қамту туралы мектеп кітапханашысы Секеева Н.Р. мәлімет беріп өтті. Оқулықтардың толығымен жететіндігін, бірақ оқу құралдарына оқу дәптерлерінің жетіспейтіндігін айтып, шығу жолдарын ұсынды. Алматы қаласынан типографиядан тапсырыс беріп алуға болатынын айтып өтті.

Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы