"Қош келдің, құтты Наурызым!" » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » "Қош келдің, құтты Наурызым!"
10
April
2023

"Қош келдің, құтты Наурызым!"

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі. 
Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді.
Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпеділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады.  Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған. 
Бүгін, көктемгі күн мен түннің теңелетін күні Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде "Қош келдің, құтты Наурызым!" тақырыбында мерекелік іс- шара өтті. Іс- шара барысында мектеп ауласына киіз houseтігіліп, киіз үйдің ішінде ауыл аумағында тұратын әртүрлі  ұлттардың ұлттық тағамдары патиі өтті.  Оқушылардың қолөнер көрмесін технология пәні мұғалімдері ұйымдастырса, ал дене шынықтыру мұғалімдері ұлттық ойындар( арқан тартыс, қазақша күрес) өткізді. Мектеп ауласында тамаша концерттік бағдарлама көрсетті. "Кунту баба" мешітінде келіндер байқауы өтіп, жеңіске жеткен топтарға сый- сияпат жасалды, мереке көңілді өтті.