«Электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша» » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша»
22
April
2021

«Электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша»

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде «Электрондық форматтағы  Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша»  11 сынып білім алушыларының ата – аналарымен  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Дюсембаева жиналыс өткізді. 
Ата – аналарға Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу мерзімі, өтініштерді қабылдау, тіркелу және мүмкіндіктері   2 кезеңде: 15 – 30 сәуір (1 – мүмкіндік), 1 мамыр – 29 маусым (2- мүмкіндік) өтетіндігі туралы түсіндірілді.  Тестілеу күндерінің барлық диапозондарынан тест тапсыру күнін таңдау (25.04-30.06) қолжетімділігі айтылып, сондай – ақ  ЖОО – ға түсу үшін қадамдық бағдарламасы таныстырылды. Толық және қысқартылған оқу нысанына тапсыратындар үшін UNT тапсырмалар саны мен ұпайлары, бейіндік пәндер комбинацияларына талдама жасалды. UNT уақытында 2  және  15 минуттық  үзіліс берілетіні ескертілді. Аппеляцияға  тест тапсырмаларының  мазмұны бойынша өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут аралығында берілетіні ескертілді. UNT – дағы тыйым салынған заттарды пайдалануға рұқсат етілмейтіні және тәртіп бұзған жағдайда грант тағайындау конкурсына қатысу құқығынан айырылатыны ескертіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.